Шымкентте 25 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер қамауға алынды

Бүгiн, 18:04
824
Бөлісу:
Шымкентте 25 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер қамауға алынды
Фото: Арман Мухатов

Шымкент қаласында 25 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

1999 жылдың тамыз айында жер үйден зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткер әйелдің мәйіті табылған болатын. Сараптама қорытындысына сәйкес, оны тұншықтырып өлтірген. Осы қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Себебі қажетті дәлелдер болмады. Алайда тергеушілер күдіктінің ізіне түсті.

Ол көршілес елде тағы бір аса ауыр қылмыс жасап, түрмеде жазасын өтеп жүр. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Қазірігі кезде адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Бұдан бөлек, қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Ол 2009 жылы үш адамға оқ атқан. Сол кезде біреуі қаза тапқан. Жанжалға қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда, ал қылмыстық іс материалдарды сотқа жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы