Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап, қаза болды.
Otyrar.kz деректеріне сүйенсек, ол жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырған.
Алдын ала мәлімет бойынша ол мектепті аяқтап, саябақта жұмыс істеп жүрген. Бір уақытта металл конструкцияға шығып алып, төменге құлап, мерт болған.
Қазір саябақ жабық. Оқиға орнын тергеушілер тексеріп жатыр.
Бұндай жағдай биылдыққа бірнеше рет қайталанып отыр. Мамырдың басында Оралда істеп тұрған аттракцион бірден өшіп қалып, салдарынан сегіз бала жарақат алған болатын.