Шымкентте 16 жастағы жасөспірім жалдамалы алаяқтықпен айналысқан

5 Шілде 2023, 07:35
909
Бөлісу:
Шымкентте 16 жастағы жасөспірім жалдамалы алаяқтықпен айналысқан
Фото: архив

Шымкент қаласында бірнеше зейнеткер алаяқтарға 7 миллион теңгеге алданды. Осы ақшаны жинаған «курьер» қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтар соңғы кезде кеңінен тараған схеманы қолданды. Зейнеткерлерге қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырады. Сосын баласының жол-көлік оқиғасын жасағанын айтып, телефонын тұтқасын бірден сыбайласына бере қояды. Арғы жағында қыз немесе жігіт дірілдеген дауыспен «анасынан» көмек сұрайды. Ал жазадан құтылу үшін сұраған ақшаны беруді өтінеді. Осылайша, Шымкент қаласында зейнеткер әйел жинаған 4,5 млн теңгесін үйге келген курьерге бере салды.

Полицияға хабарласқан тағы бір зейнеткер сүйікті немересіне көмектесемін деп, 2,5 миллион теңгесін берді. Шұғыл іздестіру шаралары барысында бейнебақылау камералары арқылы зейнеткерлердің үйіне ақша алу үшін келген жас жігіт анықталды. Ол Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұсталған жасөспірім мобильді мессенджер арқылы нұсқау алып тұрғанын мәлімдеді. Міндеті – айтылған мекенжайлардан ақша алу және оны белгілі бір банктік шоттарға аудару. Сол үшін 50-100 мың теңгеге дейін ақы алып отырған.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Соның аясында қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы