Шымкентте 145 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді

16 Мамыр 2023, 18:34
565
Бөлісу:
Шымкентте 145 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді

Шымкентте мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі 145 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 60 көпбалалы отбасы, 13 толық емес отбасы, 68 ерекше бала асыраушы отбасы бар.

Тұрғын үй сертификатына өтінімдер www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады.

Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады.

Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында 324 арендалық пәтер түрлі санаттағы азаматтарға, 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға, 1919 пәтер несиелік негізде берілу жоспарлаған. Оның ішінде қазіргі таңда жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспаналы болды. Яғни, 1047 пәтер "5-20-25" бағдарламасы бойынша, 246 пәтер "2-10-20 Бақытты отбасы" бойынша рәсімделді.

Өзгелердің жаңалығы