Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Түркия, Грузия, Тәжікстан, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді.
Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.
Өткен тәулікте 3 405 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 202 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 689 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 262 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 160 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 27 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 0 жолаушы;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 65 жолаушы.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 26 мамырында Ош–Шымкент авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғызстан азаматы Шымкент қаласының әуежайынан депортацияланды - делінген хабарламада.