Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды. Қазақстанның «БИІК-Қазығұрт» клубы Германияның «Бавариясымен» кездесетін болды.
Алғашқы ойын 3/4 наурызда Шымкентте өтеді, қарымта матч 10/11 наурызға жоспарланған.1/8 финалдың өзге жұптары:
«Вольфсбург» – ЛСК
«Барселона» – «Фортуна»
«Русенгорд» – «Санкт-Пельтен»
«Манчестер Сити» – «Фиорентина»
«Спарта» – «Пари Сен-Жермен»
«Лион» – «Брондбю»
«Челси» – «Атлетико»
«БИІК-Казығұрт» осының алдында 1/16 финалда Украинаның «Жилстрой-2» клубмен кездескен. Сырт алаңда қарсылас 2:1 есебімен жеңген. Шымкентте жерлестеріміз 1:0 есебімен басым түсті. Сөйтіп, екі ойынның қорытындысы бойынша «БИІК-Казығұрт» келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, Мюнхеннің «Бавария» клубы былтыр да 1/8 финалда Қазақстан командасымен ойнаған. Алғашқы ойын 5:0, қарымта кездесу 2:0 есебімен немістердің пайдасына шешілген.