Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентік полицейлер пәтер ұрлығын жасаған қызды құрықтады.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық Полиция басқармасына 102 сымтетігі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында танысы үйде болмағанын пайдаланып, ұялы телефон мен бағалы мүліктерін қолды еткенін көрсетті. Белгілі болғандай, жәбірленушіге 500 мың теңгеге жуық шығын келтірген.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлім 2-тармағы бойынша тіркелді.
Сәйкесінше, тәртіп сақшылары арыз түскен сәттен бастап жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті қаладағы жалдамалы пәтердің бірінде қолға түсті.
Қазіргі таңда азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.