Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік тұрғыннан марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Шымкент қаласы бойынша ИЧ 167/10 мекеме қызметкерлерімен жедел іс-шараларын жүргізу барысында есірткіні заңсыз алып жүрген азамат ұсталды.
Тиісті сараптама нәтижелері бойынша табылған есірткінің салмағы 15,02 грамм марихуана екендігі анықталды. Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтың жергілікті тұрғынға жасыл түсті марихуананы заңсыз сатқаны анықталған.
Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде