Шымкент тұрғыны үйінің ауласында көкнәр мен қарасора өсірген

13 Маусым 2022, 21:40
2234
Бөлісу:
Шымкент тұрғыны үйінің ауласында көкнәр мен қарасора өсірген

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Шымкент тұрғыны үйінің ауласында көкнәр мен қарасора өсірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Полиция қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру жайтын анықтады.Тәртіп сақшылары Абай ауданының тұрғыны өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргенін анықтады. 

Тексеру жұмыстары барысында 118 түп көкнәр мен 7 түп қарасора тәркіленді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Өзгелердің жаңалығы