Шымкент тұрғыны Instagram арқылы алданып қалған

18 Тамыз 2021, 04:30
3125
Бөлісу:
Шымкент тұрғыны Instagram арқылы алданып қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте тұрғынды Instagram арқылы алдап кеткен түркістандық анықталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 арнасы арқылы Шымкент қаласының тұрғыны көмек сұрап, арызданған. Ол арызында белгісіз тұлға Instagram әлеуметтік желісінде киім-кешек жеткізетіндігін айтып, сеніміне кіріп, 33 602 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуі барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы