«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының жабылуы өтті

22 Қараша 2020, 17:56
2142
Бөлісу:
«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының жабылуы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі онлайн форматта «Цитадель» тарихи-мәдени кешенінде өтті. Іс-шара Ońtústik TV және YouTube-та Bridge TV арналарында көрсетілді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекелі жылды қорытындылап, ТМД мәдени астанасы эстафетасын Душанбе қаласының төрағасы Рустами Эмомалиға табыстады.

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының жабылуы өтті

Шымкент – 2200 жылдық тарихы бар көне шаһар. Осынау тарихи қаламыздың ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы біз үшін үлкен мәртебе. Сонымен бірге, ЮНЕСКО биыл қаламыздың тарихы кемінде 2 200 жылдан сыр шертетінін ресми мәлімдеді. Осындай тарихи сәттердің қарсаңында Елбасы миллион тұрғыны бар, шуақты Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін берді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша мән беріп отыр. Біздің қаламыз ғасырлар бойы бүкіл Азияның өнері мен мәдени мұрасы тоғысқан ірі орталыққа айналды. Сол замандардан бері қарай, Шымкент тұрғындарының бойында ерекше қасиет қалыптасты. Бұл – іскерлік, қонақжайлылық және өзгеріске деген бейімділік. Достық эстафетасын Ұлы Жібек жолымен Душанбеге жолдаймыз, – деді қала әкімі құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ, онлайн жиында ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшы Лебедев С.Н.Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры Басқарма Төрағасы, Әзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Полад Бюльбюльоглы қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы мерекелік құттықтау тілегін жеткізді.

Достық эстафетасы Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Баходур Назир мырзаға табысталды. 2200 кітап, 2200 тұмар және 2200 қызғалдақ түйнегімен толтырылған символдық керуен (Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай) Жібек жолымен Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласына аттанады.

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының жабылуы өтті

Мәдени астана жылының жабылуы аясында 6 театр, 5 кітапхана, цирк, зообақ, әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы, Мәдениет үйі және басқа да мәдениет мекемелерінің шығармашылық ұжымдарының күшімен 48 спектакль, 99 онлайн-іс-шара, 7 жылжымалы театр перфоманстары, 5 музыкалық перфоманстар, ақындар, жазушылар, әдеби қайраткерлер бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі ұйымдастырылды. Шымкент қаласының жас суретшілерінің көрмесі мен ғимараттардың қасбеттерінде 7 муралдың тұсаукесері ұйымдастырылды.


Өзгелердің жаңалығы