Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік пен қалалық мәслихаттың бірлескен шешім-жобасында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне мынандай атау берілсін:
Абай ауданы бойынша: Шымсити шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Түркия көшесі;
Еңбекші ауданы бойынша: аудан орталығындағы атауы жоқ саябаққа – «Қазақстан-Түркия достығы саябағы» деген, – делінген ұсыныста.
Құжат 1 қарашаға дейін көпшілік талқылауда болады.