Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР Конституциясының 25 жылдығы және анықтаушылардың кәсіби мерекесіне орай арнайы марапатталды.
Полиция – мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Полиция – әрқашан мемлекеттің тірегі, әділеттілік пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болуы қажет.
Қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген 30 қызметкерге – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан Конституциясына 25 жыл мерекелік медалі табысталды. 16 қызметкер – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен марапатталды. Сондай-ақ 10 азамат – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының алғыс хатына ие болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі” Жолдауында азаматтардың мүддесін қорғау жолында жеті бағыты мен қатар Ішкі істер органдарының қызметін одан әрі желтілдіру, реформалау жұмыстарының жалғасатынын көрсетіп кетті. Атап айтқанда, қылмыстық істерді жүргізуді жетілдіру, учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеру, сыбайластыққа жол бермеу, ашықтық, шынайылық, әділеттік ең басты қағида болуы керектігіне аса назар аударды. Сондықтан өз Антына адал, отансүйгіш, полиция қызметінің мүддесін жоғары қоятын қызметкерлер әрдайым марапатқа және құрметке лайық, – деп атап өтті Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов.
Айта кетейік, марапаттау рәсімі ашық аспан астында әрі әлеуметтік арақашықтық пен қатаң санитарлық режим сақтала отырып ұйымдастырылды.