Шымкент әкімі ҚР президентінің сайлауында дауыс берді

9 Маусым 2019, 08:36
2030
Бөлісу:
Шымкент әкімі ҚР президентінің сайлауында дауыс берді

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 9 маусым – ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс берді. 

Ол дауыс беруге Шымкенттегі №92 сайлау учаскесіне барды. Аталған сайлау учаскесінің дауыс беру үй-жайы №1 А.С.Пушкин мектебінде орналасқан. Қала әкімі сайлауға дауыс беруге ерте барған азаматтардың қатарында болды.

 
"Бүгінгі күн - мемлекетіміздің болашағын айқындайтын аса маңызды тариxи сәт. Бүгін біз ортақ болашағымыз - өркендеу мен даму үшін дауыс береміз. Алдымызда мемлекетімізді алға одан әрі жетелейтін ауқымды міндеттер тұр. Қазақстан дамудың даңғыл жолымен үлкен қадам жасарына сенімдімін. Баршаңызды сайлау учаскелеріне барып, дауыстарыңызды өз кандидатыңызға беруге шақырамын", - деді Ғабидолла Әбдірахымов. 


Айта кетсек, Шымкентте 9 маусым – ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында Шымкентте 260 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Олардың 19-ы жабық сайлау учаскесі саналса, қалған 25 сайлау учаскесі жаңадан ашылға. Осы 260 сайлау учаскесіне 568 794 сайлаушы тіркелген. Сол 260 сайлау учаскесінің 113-інде тіркелген сайлаушылар саны 2500-3000 адам арасында болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы