Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов ем қабылдау кезінде өмірден озған полиция қызметкерінің отбасына барды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Рауан Нуриддинұлы Аманжолов – Шымкент қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің полицейі болатын. Антына адал, кәсіби маман бола білген қызметкерді жеке құрам ешқашан ұмытпайды. Мерекелік тарту ретінде кір жуатын техниканы табыс етті.
Әкесі Нуриддин Әуелбекұлының шаңырағына барып, марқұмның рухына құран аяттарын түсірді. Өз кезегінде қаза тапқан полицейдің әкесі Шымкенттің бас полицейіне арнайы келіп, көңіл бөлгені, қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Рауан біздің есімізде. Ұмытпаймыз. Осы мейрамда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен арнайы құттықтауға келдік. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Ауырмаңыздар. Аман болайық,- деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы Ералы Мұсаәліұлы.