Шымкентте індет жұқтырғандар саны 90-нан асты

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жаңадан жұқтырған 2 адам туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы&nbsp;ақпарат таратты. </p> </h4> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 21 Сәуір 2020 2020, 10:36
21 Сәуір 2020 2020, 10:36
1928

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жаңадан жұқтырған 2 адам туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.

Вирусты жұқтырған 1979 жылғы азаматша мен 1977 жылғы ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, сол үшін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.  Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

21.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 92 адам анықталды.

Наверх