Шымкент білім бөлімінің қызметкері пара алды деп күдікке ілінді

22 Қаңтар 2023, 14:46
16733
Бөлісу:
Шымкент білім бөлімінің қызметкері пара алды деп күдікке ілінді
Фото: sputnik.kz

Күдіктіге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құпия ақпарат бойынша 11.01.2023ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, бұл факт бойынша Шымкент қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары күдіктеледі, - делінген Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет (800 мың теңге) пара алу фактісі анықталды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» ұсталып, өз жауабында қылмыс жасағанын толық мойындады.

«Ш.А.» қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Өзгелердің жаңалығы