Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін індет жұқтырған 4 кісі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, – делінген хабарламада.
10.04.2020 жылғы жағдай бойынша Шымкент қаласында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 31 адам анықталды.