Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков былтырдан қалған безендіру заттарына қосымша әр ауданға қала бюджетінен 16 млн теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңажылдық безендіруге қала бойынша 80 млн теңге жұмсалмақ. 5 ауданның әрқайсысына 16 млн теңгеден түседі. Былтыр қолданған жасанды шыршалар бар, басқа да қойылатын заттардың бәрін қолданамыз. Екіншіден, қосымша іс-шара өткізетін болсақ, оны міндетті түрде демеушілер көмегімен жүзеге асырамыз, - деп жауап берді әкім Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қойылған BAQ.KZ тілшісі сауалына.