Шымкент қаласының әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАқпарат" агенттігінің мәліметі бойынша, Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек аталған іске қатысты былай деп ақпар берген:
Біз бұл ақпаратты растаймыз. Алайда, бұл оның қазіргі мемлекеттік қызметіне қатысы жоқ факті. Оның бұрынғы жұмысына қатысты, - деген Сәрсен Құранбек.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкент қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов қолға түсті деген ақпарат тараған болатын.