Шымкент әкімдігі 12 млрд теңгеге жер сатып алады

7 Ақпан 2021, 11:58
1881
Бөлісу:
Шымкент әкімдігі 12 млрд теңгеге жер сатып алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент билігі биыл мемлекет мұқтаждығы үшін қажетті жер учаскелерін сатып алуға бюджеттен 12 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсамақ.

«Хабар 24» арнасының мәліметіне қарағанда, әкімдік өткен жылы бұл бағытқа қазынадан 3,7 млрд теңге бөлген. Сөйтіп, 2020 жылы 453 жер телімін сатып алған. 

Ал осы жылы 48 нысан орналасқан жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Ол жерге жоспар бойынша жол салынады. Атап айтқанда қаладағы Қонаев көшесінің 2-3 кезеңдері жүзеге асады. Одан бөлек сатып алынған жер телімдеріне мектептер, магистральдық және ішкі инженерлік жүйелер жүргізіледі деп, жоспарланған. 

Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде билік ұсынған бағамен келіспей сотқа шағым түсіргендер жоқ. 

Жер учаскелерінің үстіндегі құрылыстармен бағалау сомасы былтырғыға қарағанда кішкене жоғары болады. Себебі, Қонаев 2-3 этап нағыз үйлердің шоғырланған жерлері. Жерлеріне және үстіндегі құрылысына нарықтық құнмен өтеп беріледі өтемақысы - дейді қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Гауһар Әшенова.

Өзгелердің жаңалығы