Көктемде Шымбұлаққа барар жолдағы тау беткейлері нығайтыла бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, "Медеу-Шымбұлақ" жолында құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары 2023 жылдың күзінен бастап жалғасып келеді.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Өткен жылдың қазан айынан бастап "Мохнатка" және "Горельник" тау беткейлерінен 80 мың м2 тас шығарылды және 17,6 мың м3 тау қойнауы үйінділерден тазартылды, - деді қала басшысы.
Көктемде беткейлерді нығайту жұмыстары басталады. Сонымен қатар нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстары биыл күзде аяқталады.