Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Аюсай шатқалынан жоғары қарайғы жол учаскесі және Шымбұлақ-Эдельвейс тас жолының жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 ақпанда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алабында айтарлықтай жауын-шашын түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне байланысты Аюсай шатқалынан жоғары жол учаскесі жабылып, Шымбұлақ-Эдельвейс тас жолы бойына да блок бекеттер қойылды, — делінген хабарламада.
Адамдар мен көліктерді ол жаққа жібермес үшін полиция департаментінің 2 экипажы кезекшілікке қойылған.