Ол бұл туралы «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде өтетін әлем кубогы кезеңіне орай баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
“Шымбұлақ” ТК бас директоры Ринат Абдрахманов айтуынша, “Шымбұлақтағы” аспалы арқан жолы 10 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алатындай салынған.
Жер сілкінісі болған кезде SCIJ халықаралық шаңғышы журналистер жарысына қонақтарымыз келген еді. Таудың жоғары жағында болған қонақтарымыз думпуді қатты сезбеген. Ал мейрамханада отырған шетелдік қонақтардың жартысы және менің өзім де жер сілкінісін сезіндік. Инфрақұрылымға келетін болсақ, аспалы арқан жолы 10 балдық жүйемен салынған. Сондықтан 11 аспалы жолымыздың біреуінен басқа бәрі жұмысын тоқтатқан жоқ. Аспалы арқан жолындағы қауіпсіздік жүйесі жер сілкінісі болған кезде іске қосылатындай жасалған, - деді «Шымбұлақ» ТК бас директоры Ринат Абдрахманов.