Алматы, BAQ.KZ. Профилактикалық қар көшкінін жүргізу "Қазгидромет" РМК-ның 11 ақпанда болады деген дауылды ескертуіне байланысты жасалған.
"Қазселденқорғау" ММ-нің мәліметінше, Алматы тауларында "Шымбұлақ"тау шаңғысы курорты демалушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын ала қар көшкіні түсірілген.
"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 11 ақпандағы №2 дауылды ескертуі негізінде Кіші Алматы өзені алабында "Шымбұлақ" ТШК аумағында №26г (Конус) көшкін жинағышта жарылыс жұмыстарын жүргізу арқылы қар көшкінін алдын ала түсіру жүзеге асырылды. Жарылыс нәтижесінде көлемі 5 000 текше метр қар массасы түсті. Беткейдегі қар көшкіні қаупі толығымен жойылды»,-делінген хабарламада.
Қар көшкінін профилактикалық түсіруге Алматы ТЖД, "Қазселденқорғау" ММ, "Қазгидромет" РМК, "География және су қауіпсіздігі институты" ЖШС мамандары және "Шымбұлақ" ТШК құтқарушылары қатысты.