Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше жолды су басу оқиғасы бүгін болған.
5 мамырда сағат 15:52-де Алматы ТЖД-не Медеу ауданы «Горельник» шатқалында температуралық фонның көтерілуі мен қардың көп еруі салдарынан көлемі 5 м3 судың тасуы туралы ақпарат келіп түсті. Бұру құбырының ластануынан (800 мм) жол төсемін су басып қалды, - делінген хабарламада.
Мәліметте зардап шеккендер мен мерт болғандар, сондай-ақ қираулар болмағаны айтылған.
«Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер су бұру құбырын тазартып, нәтижесінде судың өткізу қабілеті қалпына келтірілген.
Оқиға орнына 16 қызметкер, 6 бірлік техника жұмылдырылған, оған Алматы қаласы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, «Алматы Су» АҚ, Алматы қаласы ПД қатысты.