«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты уақытша жабылады

<h3> Астана, BAQ.KZ. «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының әкімшілігі ақпан айының басында жұмыс кестесі өзгеретіні туралы хабарлады.&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; </h3>

27 Қаңтар 2019 2019, 14:12
 27 Қаңтар 2019 2019, 14:12
27 Қаңтар 2019 2019, 14:12
8151

Астана, BAQ.KZ. «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының әкімшілігі ақпан айының басында жұмыс кестесі өзгеретіні туралы хабарлады.    

«Құрметті тауда демалу мен сырғанаушылар! ТЖД бірлесе келесі аптаның соңында оқу-жаттығу өткіземіз. Осыған байланысты жұмыс кестесінің өзгергенін хабарлаймыз: 1 ақпанда 8:30-дан 14:00-ге дейін; 2 ақпанда курорт жұмыс істемейді; 3 ақпан күнгі кесте белгісіз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!", - делінген курорттың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Еске сала кетсек, Шымбұлақ әлемдегі бюджетті тау шаңғысы курорттарының ондығына кірген. Сарапшылардың есептеуінше, курортта бір адамға демалу құны 942 еуроны құрайды.

Наверх