Шығыстағы шахтада 4 адам қайтыс болды

Бөлісу:
Шығыстағы шахтада 4 адам қайтыс болды
Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы "Востокцветмет" ЖШС шахтасында 4 адам қайтыс болды. Қвйғылы оқиға бүгін 31 тамызда сағат 17.30-да орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала ақпарат бойынша олар белгісіз заттан уланған. Тағы бір адам Глубокое ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнында "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС ШҚФ (13 адам және 3 техника), ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеуде. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы