Шығыста жел екпіні басылар емес. Соның салдарынан «Қызыл ту» өткеліндегі паромдар тоқтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
23 қазан күні сағат 8:00-ден бастап паромдар қозғалысы уақытша тоқтатылды. Күн райы жақсарған жағдайда «Күршім» және «Ертіс» паромдары қайта қатынайды, - мәлімдеді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.