Шығыста өзен суы көтерілді

2 Қараша 2023, 20:38
629
Бөлісу:
Шығыста өзен суы көтерілді
Фото: 24.kz

Шығыс Қазақстанда толассыз жауған жаңбырдан Бұқтырма, Уба және Үлбі өзендерінде су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Қала ішімен өтетін Үлбі өзенінде көрсеткіш 75 сантиметрге жетті. Салдарынан көпір астымен өтетін жолайырықты жабуға тура келді. Өйткені жолды су басып қалды. Өлкеде өзен-көлдердің толысуы көбінесе көктемде тіркелетін. Мамандар мұны күзгі жауын-шашынның мол түсуімен байланыстырып отыр. Қазір аймақта 64 гидробақылау бекеті жұмыс істеп тұр. Соның екеуі осы Үлбінің бойында орналасқан.

Енді шекті деңгейіне жетпегендіктен әлі қауіпі жоқ. Егер бізде бірнеше күн нөсер жаңбыр осылай тоқтамаған кезде бақылауды жиілетеміз, 4 сағат сайын. Және шектік деңгейіне жеткен кезінде біз әкімшілікпен және төтенше жағдайлар өкілдерімен бірлесе жұмыс істеп, іс-шаралар жүргіземіз,- ШҚО "Қазгидромет" РМК жетекші инженері Әйгерім Мұқашева.

Өзгелердің жаңалығы