Шығыста -63 градус аяз болды ма? - Қазгидромет түсініктеме берді

Бүгін әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында термометр минус 63 градусқа дейін төмендеді деген ақпарат тараған болатын. Бұған қатысты "Қазгидромет" РМК пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ  - архив 20 Ақпан 2024 2024, 22:50
20 Ақпан 2024 2024, 22:50
5902
Фото: - архив

Бүгін әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында термометр минус 63 градусқа дейін төмендеді деген ақпарат тараған болатын. Бұған қатысты "Қазгидромет" РМК пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, тұрмыстық термометр кәсіби құрылғы емес, ол көлеңкеде немесе жақын жерде мұз болса, қате көрсетуі мүмкін.

Фото: yk-news.kz

Біз бүгін Зырян метеостанциясында Қазақстандағы ең төменгі температураны ресми түрде тіркедік, ең төменгі ауа температурасы 47,3 градус нөлден төмен болды, - деді Қазгирометте.

Наверх