Шығыс Қазақстан тұрғындарына тауға бармау туралы ескертілді

5 Ақпан 2021, 14:39
1397
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан тұрғындарына тауға бармау туралы ескертілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына тауда қар көшкіні жүру қаупі туралы ескертілді, деп хабарлады аtaynews.kz.

«Қазселденқорғау» ММ филиалының ақпараты бойынша қауіп 7 ақпанға дейін сақталады.
Желдің соғуы, қардың көп болуы, температураның жоғарылауы - мұның бәрі таудағы қар көшкінін туғызуы мүмкін. Тауға барудан және таулы жерлерден аулақ болыңыз, көшкін қаупі бар беткейлерден өтіп бара жатқанда абай болыңыз, - деді ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына.

Облыстағы  336 беткейде қар көшкіні жүруі мүмкін. ШҚО жолдарында жалпы ұзындығы 105 км құрайтын 16 қаупті  учаске бар: Өскемен – Самара,  Өскемен-Алтай,  Согорное – Барлық, Берел – Рахман қайнарлары (Катонқарағай ауданы), Зубовка – Путинцево, Лениногорск-Чекмарь кеніші.

Өзгелердің жаңалығы