Шығыс Қазақстанның 10 елді мекеніне су тасқынынан қауіп бар

14 Наурыз 2023, 22:10
1656
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанның 10 елді мекеніне су тасқынынан қауіп бар
Фото: qarmaqshy-tany.kz

Облыс аумағында су басу қаупі бар 71 елді мекен анықталған. Осы уақытқа дейін өткізілген су тасқынына қарсы іс-шараларды ескере отырып, 15 елді мекенде қауіп толығымен жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз қызметінде ШҚО төтенше жағдайлар департаменті ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева айтты.

«Қазгиромет» РМК ШҚО филиалының ақпаратына сүйенсек, 10 науыздағы жағдай бойыша облыстың 6 ауданда 50 см-ден астам топырақтың қату тереңдігі байқалады. Атап айтқанда, Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан, Ұлан, Күршім аудандары мен Өскемен қаласы. Облыстың қалған бөлігінде топырақтың қату тереңдігі 16-дан (Самар ауданы) 48 см-ге дейін (Глубокое ауданы), - деп атап өтті Аяулым Жангелдіқызы.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 14 047 адам тұратын, 5 007 тұрғын үй орналасқан 2 қала мен 9 ауданда су басу қаупі бар 71 елді мекен анықталған. Өткізілген су тасқынына қарсы іс-шараларды ескере отырып, 71 елді мекеннің 15 елді мекенінде қауіп жойылды, 46 елді мекенде қауіп азайтылды.

10 елді мекенде әлі де су тасқыны қаупі бар. Атап айтқанда, Глубокое ауданында - 8, Алтай ауданында - 1, Тарбағатай ауданында – 1 елді мекен. Алайда оларда су тасқыны жағдайы ауа райы нашарлаған жағдайда ғана туындауы мүмкін, - деп атап өтті Аяулым Кекиева.

Өзгелердің жаңалығы