Шығыс Қазақстанға 200-ден астам дәрігер жетіспейді

17 Тамыз 2022, 05:50
1024
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанға 200-ден астам дәрігер жетіспейді

Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласы кадрларының тапшылығы айтарлықтай байқалып тұр. Тек Өскеменнің өзіне 150-ден астам дәрігер жетіспейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Алтайньюсқа сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл өңірге Семей медициналық университетінен 91 жас маман келуі тиіс. Олардың ішінде жалпы практика дәрігерлері – 62. Бұдан бөлек анестезиолог, хирург, реабилитолог сынды мамандар бар.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл жас мамандарды облыс орталығында қалдыру үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс екенін айтты.

Әсіресе облыс орталығында денсаулық сақтау саласына наразылық көп. Мұның бәрі мамандардың тапшылығынан туындайды. Біз айтып отырған 91 маманның көпшілігі Өскемен қалуы тиіс. Сондықтан дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырамын. Мамандарды қабылдау бағдарламасын жасалсын, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы