Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен екі адам іздестіріліп жатыр

2 Мамыр 2025, 03:16
1231
Бөлісу:
 volontery_uka_lider.kz
Фото: volontery_uka_lider.kz

Риддер мен Алтай қаласының маңында із-түссіз жоғалып кеткен екі ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің мәліметінше іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, әскерилер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылған. Орман-тау, өзендер қаралып жатыр.

Жоғалып кеткен адамның бірі – 42 жастағы Иван Ушаков. Ол 14 наурыз күні таңда үйден шығып, сол күйі оралмаған.

Іздестіріліп жатқан екінші адам – Александр Воробьев 2024 жылдың 9 қарашасында үйінен шығып, содан кейін оралмаған.

Өзгелердің жаңалығы