Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

27 Сәуір 2024, 11:00
1193
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Фото: championat.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:44-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісінің координаттары – 49,27°ш.б. 84,91°с.е. Тереңдігі – 20 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Бұған дейін, 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Тасбастау ауылының тұрғындары екі балдық жер сілкінісін сезінген еді.

Өзгелердің жаңалығы