Алматыдан 1225 шақырым жерде 15 ақпан Астана уақытымен 06 сағат 52 минутта жер сілкінді, оның күші Риддер мен елдің шығысындағы бірнеше ауылда 2-ден 3 баллға дейін жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісі ошағы Ресей аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 км жерде орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.