Шығыс Қазақстанда қайықтағы адамдар құтқарылды

8 Қыркүйек 2024, 05:21
389
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда қайықтағы адамдар құтқарылды
Фото: видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысында қайықтағы адамдар құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Алтай ауданында 2 ер адам мен 2011 жылы туған бір бала Бұқтырма су қоймасындағы Гусинный аралына резеңке қайықпен жүзіп, қатты жел мен үлкен толқындардың салдарынан жағаға орала алмады, - делінген ведомство ұсынған ақпаратта.

Белгілі болғандай, ТЖМ қызметкерлері оларды жағаға шығарып құтқарды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ тәуліктің қараңғы уақытында, ауа-райының қолайсыздығы мен дауылды ескертулерде қайықта суға айдынына шықпауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы