Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкері қаза тапты

30 Шілде 2025, 11:35
1050
Бөлісу:
 facebook.com/profile
Фото: facebook.com/profile

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Абай облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сұлтан Бектөре фейсбуктегі парақшасында жазды.

Полиция подполковнигі Дамир Абдулхамитұлы Тұражановтың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз, - деп көңіл айтты ол.

Желіде полиция қызметкері жол апатынан қайтыс болды деген ақпарат тарады. Алайда ведомство өкілі Дамир Абдулхамитұлының қалай қайтыс болғанын ашып жазбады.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстанда сарбаз бен оның ата-анасы қаза тапқаны хабарланған. 

Өзгелердің жаңалығы