Бутаково ауылында Үлбі өзенінде мұзды жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үлбі өзеніндегі мұздың қалыңдығы 20-дан 30 см-ге дейін жетеді.
Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырылған жарылыс жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құтқарушылармен бірлесіп жүргізеді. Мамандар бұл алдын алу шаралары мұз кептелістерін болдырмау үшін қажет екендігін айтады.
Барлығы облыс бойынша 71 су тасқыны қауіпті учаске анықталды. Бүгінде Үлбі өзенінде мұзды ұсақтау алаңы 9720 ш.м. құрады, - деп жазылған ведомство хабарламасында.