Шығыс Қазақстанда өрттің қауіпті кезеңі 7 айға созылады

12 Сәуір 2023, 13:00
1006
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда өрттің қауіпті кезеңі 7 айға созылады
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

 Шығыс Қазақстан облысында 5 сәуірден бастап өрттің қауіпті кезең басталып, орта есеппен қараша айына дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ТЖ департаменті осы кезеңде табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде: облыс бойынша күштер мен құралдарды тартудың аудандық жоспарлары түзетілді, өрт қауіпті маусымда апаттар қаупін азайту және орман және дала өрттерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, бірлескен рейдтер жүргізу үшін азаматтық қорғау, Медициналық-психологиялық қызмет, орман ұйымдары мен ЖАО қызметкерлері қатарынан мобильдік топтар құрылды, "Geosat" ЖШС-мен жылу нүктелері бойынша ғарыштық мониторинг деректерін беру туралы шарт жасалды.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өңірде шөптің жануын сөндіруге өрт сөндірушілер 30-ға жуық рет шықты, оның ішінде өткен демалыс күндері 12 жағдай тіркелді. Оқиғалардың көпшілігі ашық аумақта және саяжай қоғамдастықтарының маңында тіркеледі.

Бүгінгі күні облыста жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылықтарының өртке қарсы техникасымен және жабдықтарымен жасақталуы тиесілілік нормаларының 70% - на дейін жеткізілді.

Брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашев жыл сайынғы табиғи өрттерді талдауға сәйкес өрт қауіпті маусым шілде-тамыз айларына келетінін атап өтті. Жыл сайынғы проблема өрттің орман қоры жерлеріне және елді мекендерге шарпуы болып табылады, бұл негізінен қорғаныш минералданған жолақтарының болмауына немесе олардың уақтылы жаңартылмауына байланысты. Осыған байланысты облыста елді мекендердің, өндірістік объектілердің айналасында, темір жол, автомобиль жолдары, электр беру желілері, орманның бойында қорғаныш минералданған жолақтарды орнату және күту бойынша күшейтілген жұмыс жүргізілуі тиіс.

ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады:
-Табиғат аясында желді күндері от жақпаңыз;

- Орманда әйнек пен бөтелке сынықтарын күн сәулесінде қалдырмаңыз. Өрт қауіпті кезеңде ешбір жағдайда орманда от жағуға болмайды. Ата-аналар балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіруі қажет;

- Елді мекендердің, ұйымдардың, саяжай қоғамдастықтарының аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, құрғақ шөптерден тазарту қажет. Саяжай учаскелерінде от жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта, бақылаумен және желсіз ауа-райында, өрт сөндіру құралдары болған кезде жүзеге асырылады;

- Егер өрттің орын алуын көрсеңіз, оны өзіңіз сөндіруге тырысыңыз. Егер шамаңыз жетпесе 101 және 112 телефондарына қоңырау шалып, өрт туралы хабарлаңыз.

Өзгелердің жаңалығы