Шығыс Қазақстанда оқушы мен студент көз жұмды

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 Мамыр 2023 2023, 08:51
АВТОР
 polisia.kz 3 Мамыр 2023 2023, 08:51
3 Мамыр 2023 2023, 08:51
805
Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

YK-news.kz хабарлауынша, Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбектің кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растады. Олар студент және 6-сынып оқушысы.

Оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған, бұл суицид пе, жоқ па - оны полиция анықтайды, - деді ол.

 

Наверх