Жер бедерінің тіктігі мен күрделілігіне байланысты салт атты "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының Риддер ӨПБ қызметкерлері 8 көлге көзбен шолу, аспаптық тексеру және батиметриялық өлшеулер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 144 мореналық көлдер бар, олардың 30-ы Риддер қаласының маңында Громотуха өзенінің бассейнінде орналасқан.
Зерттеу нәтижелері бойынша біздің қызметкерлер көлдердегі су деңгейі норма шегінде екенін анықтады. Эрозиялық үрдістер мен сырғыма көріністерінің ағын суларға әсері анықталмады. Сел жағдайы тұрақты. Көлдің бұзылу қаупі жоқ. Көлдердегі су деңгейін төмендету және босату бойынша шұғыл шаралар қажет емес, - деді "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының басшысы Советбек Станбеков.