Шығыс Қазақстанда монша өртенді

Оқиға Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 архив 24 Наурыз 2024 2024, 23:37
24 Наурыз 2024 2024, 23:37
1027
Фото: архив

Оқиға Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаладағы тұрғын үйдің ауласында монша мен шаруашылық ғимаратындағы 80 шаршы метр ауданда өрт болды. ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге барлығы 7 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, өртке пешті орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болды.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі мәселесіне мұқият болуды сұрайды.

Наверх