Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстандағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын штаттық режимде қайта бастады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, ХҚКО қызметкерлері таңертеңнен бастап облыс тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсете бастады. Штаттық режимде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін облыстың қалалары мен аудандарында халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Алайда Өскемен мен Семейдегі мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын қайта бастаған жоқ.
Өкінішке орай, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа да міндеттерді орындауға қайта бағдарланғандықтан, біз сондай-ақ автокөлік иелеріне мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету бойынша қызметтерді көрсете алмаймыз. Қандай да бір іркілістер туындаған жағдайда жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бірлесе отырып, біз барлық қиындықтарды жеңіп, елімізді даму мен өркендеу жолына қайтаратынымызға сенімдімін, - деп атап өтті Азамат Есембулов.