Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғыны жабайы қабанды атып өлтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Глубокое ауданының тұрғыны заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді. Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Күршім ауданының полицейлері Глубокое ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол тиісті құжаттары жоқ Иж-5 тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықпен қабанды атып өлтірген.
Оқиға орнынан құқық қорғау органдары заттай дәлелдемелер: мылтық, гильзалар және қабанның ұшасын тәркілеген. Шығын миллион теңгеден асады.
Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аталған баптың ең жоғарғы санкциясы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.