Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

7 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан алынған кадр 8 Желтоқсан 2025 2025, 11:52
8 Желтоқсан 2025 2025, 11:52
616
Фото: видеодан алынған кадр

7 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Шемонаиха – Өскемен бағытындағы жолдың 7-шақырымында орын алған. Toyota Corona Premio және Toyota Hilux автокөліктері соқтығысқан.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Қазір болған жайттың барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Наверх