Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні күшейеді

4 Қаңтар 2022, 09:18
1856
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 04-ші қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

 ҚР басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауып, оңтүстік аймақтарда жауын-шашын, жаңбыр және қар түрінде болады, Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.

 Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында, шығысында, орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі, түнде басым бөлігінде желдің күшеюі, күндіз шығысында 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде шығысында тұман күтіледі, күндіз орталығында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде жел  15-20 м/с күшейеді. 

Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, тау және таулы аудандарында тұман күтіледі, Алакөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.  Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігік-батысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында жел 18 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, тау және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең  Қызыолорда облысының орталығында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы