Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайларды өлтіріп кетті

27 Наурыз 2025, 22:48
1499
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайларды өлтіріп кетті
Фото: архив

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Риддерде жас жұбайларды өлтіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 21 наурызда болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл іс ШҚО полиция департаментінің жеке бақылауында екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы