Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

8 Наурыз 2023, 16:12
883
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді
Фото: egemen.kz

ШҚО-да қар көшкіні жүрді. Жолшылар учаскені тазартып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтожол ҰК-на сілтеме жасап. 

Ұлттық оператордың хабарлауынша, 8 наурыз күні сағат 13.00 шамасында республикалық маңыздағы «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 62 шақырымында қар көшкіні өздігінен түсті. Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы - 4 м, ені-3 м, биіктігі – 1 м.

Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы